«Бұл ақпарат шыңдыққа сәйкес келмейді. «Атырау» ФК сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылғаны рас. Кристиан Алекс Джуниор команда құрамына еркін агент ретінде қосылды. Бұл дегеніңіз ойыншының «Атырау» командасының сапына ауысуы үшін ешқандай қаражат шығындалмады деген сөз. Мақала авторы, ойыншының нарықтағы трансфер құнын көрсеткен» делінген «Атырау» ФК баспасөз қызметі таратқан хабарламада
Айта кетейік, қазір «Атырау» ФК ойыншылары мен жаттықтырушы құрамы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.