72 жастағы өнер иесі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.Мұның алдында жүрек талмасына ұшыраған ол Мәскеу ауруханасында жатқан болатын.
Айта кетейік, Александр Градский – кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ән жазушы, ақын және композитор. «Дауыс» музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысты. Ол орыс рок негізін қалаушылардың бірі. Сондай-ақ, «Градский Холл» театрын басқарды.