Бұл туралы хабарлама команданың Twitter парақшасында жарияланды.
Мессимен келісімшартқа 2+1 схемасы бойынша қол қойылды. Яғни, келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен екі жылға қол қойылып, келісілген.
Командаға келген жаңа ойыншы 11 тамызда өтетін баспасөз мәслихатында таныстырылады. Рәсім «Парк де Пренс» үй стадионында өтеді.
Лионель Мессидің өзі клуб өзінің амбицияларына сәйкес келеді деп мәлімдеді, себебі мұнда талантты команда мен жаттықтырушылар құрамы жиналғанын атап өтті.
«ПСЖ-да мансаптың жаңа тарауын бастауға қуаныштымын. Мен ерекше нәрсе жасауға бел будым. Алаңға шығу мүмкіндігін асыға күтемін» депті аргентиналық футболшы.
Франциялық «ПСЖ» клубының президенті Нассер Аль-Хелайфи жаңа жұлдызды ойыншымен команда бүкіл әлемдегі жанкүйерлер үшін тарихқа ене алады деген үмітте. «Месси одан әрі жоғары деңгейде бәсекеге түсуге және жеңіске деген ұмтылысын жасырмады» дейді ол.
Месси ПСЖ-да 30 нөмірімен өнер көрсетеді. «Барселонадағы» дебютін де дәл сол нөмірмен бастаған болатын.