RSS лента

Қазақстанда шетелдік көліктер тексерілуде...

  • 18.07.2022, 02:18,
  • 531
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қазақстан аумағында Еуразиялық одаққа кірмейтін мемлекеттерден көлік әкелу үшін тиісті төлемдерді өтеп, темір тұлпарды өз атағына аудару қажет, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алайда, қазіргі уақытта талапқа бағынбай, Грузия мен Абхазиядан әкелген темір тұлпарларын заңсыз басқарып жүрген жүргізушілер көп. Осыған орай Полиция және Кірістер департаменттерінің өкілдері арнайы рейдтік іс-шара өткізуде.

 

Кедендік әкімшілік басқармасының бөлім басшысы Рүстем Жайлашевтің айтуынша, ел азаматтары тек Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден әкелінген көліктерді ғана тізгендей алады. Ал, халық жаппай көлік әкеліп жатқан Грузия мемлекетінен темір тұлпарды тек кедендік рәсімдерден өткізіп ғана, жүргізуге болады.

 

– Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден келген көліктерді тек сол елдің азаматтары бір жылдан аспайтын уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ғана тізгіндей алады. Осыған дейін бірнеше рет ескерту шараларын жүргіздік. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде заңдастырылмаған көліктер ұсталып, арнайы автотұраққа қойылды, – деді Р.Жайлашев.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости