RSS лента

ЕАЭО импорт рәсімдерін жеңілдетпек

  • 10.04.2022, 03:58,
  • 445
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында 917 тауар түріне арналған кедендік әкелу баждарын нөлдеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тізбеге азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған құрауыштар, буып-түю материалдары, химиялық өнімдер, көлік құралдарын өндіруге және жөндеуге арналған құрауыштар кірді.


Бұдан басқа, ЕАЭО елдерінің автоөндірушілерін қолдау мақсатында ЕЭК Кеңесі оларға ЕАЭО техникалық регламентінің бірыңғай талаптарынан өзгеше ұлттық заңнама талаптары бойынша автомобильдер шығаруға 2023 жылғы 1 ақпанға дейін уақытша негізде рұқсат берді.


Атап айтқанда, елдерге көлік құралдарының экологиялық класы (қазіргі уақытта тек К-5 экологиялық класты автомобильдерді шығару қажет), пассивті қауіпсіздік құралдарымен (ESP), жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен (ГЛОНАСС), микрочиптерді қолдану мүмкін еместігі (жартылай өткізгіштердің болмауы), рульдік басқару құралдары, белсенді қорғаныс бойынша талаптарды қолдану жөніндегі шешімдерді өз бетінше қабылдау ұсынылды.


Оңайлатылған талаптар бойынша шығарылған автомобильдер тек өндіруші елдің аумағында ғана айналысқа түсе алады. Сондай-ақ басқа мүше мемлекет тұлғаларының осындай көлік құралдарын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдалану, иелену және оларға билік ету құқықтарын іске асыруына жол берілмейді. Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ЕАЭО техрегламентінің бірыңғай талаптарына сәйкес келмейтін автомобильдердің шекараны кесіп өтпеуін бақылауды олар өндірілген елге жүктеледі.


ЕЭК Кеңесінің отырысы барысында ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларын оңайлату туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, біз тауарлардың шығу тегі туралы преференциялы емес сертификаттардың көшірмелерін пайдалануға рұқсат беру, сертификаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды жеңілдету және т.б. туралы айтып отырмыз.


Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің келесі кезекті отырысы 15 сәуірде өтеді.

Оставить комментарий
Последние новости