"Петропавловск NEWS" мәліметінше, Ресей темір жолдары компаниясы Петропавл арқылы жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатылатынын айтқан.
Сондай-ақ, Ресей темір жолдары компаниясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан) азаматтарына Қазақстаннан Ресей Федерациясының аумағына кіру үшін ПТР-тест қажет емес екенін айтты. Ал Қазақстанға Ресей Федерациясының аумағынан келетін жолаушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде 72 сағаттан кешіктірмей жасалған қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсынуы немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзімде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау немесе ревакцинациялау туралы құжатын көрсетуі қажет.