RSS лента

Енді жер телімін алу үшін кезекке онлайн тұруға болады

  • 11.04.2022, 04:25,
  • 704
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға әкімдікке бармай-ақ, egov.kz арқылы кезекке тұруға болады. Тіркелу бар болғаны 5 минут уақыт алады. Сонымен қатар, онлайн режимінде арыздың статусын қадағалап, деректерді жаңартуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тек электронды цифрлық қолтаңба қажет болады. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, жер телімін алу кезегін цифрландыру сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою жолындағы үлкен қадам. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөліміне өтесіз, содан кейін «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін қарау немесе тіркеу » қызметін таңдау қажет.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости