Бұл туралы еліміздің Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
«Ішкі істер министрлігімен бірге сұранысты көбейту мәселесін пысықтадық, оны заңнамалық түрде бекіту қажет. Осыған байланысты қолдау сұрағым келеді. Белгілі бір нөмірлер бар, мысалы, 777. Оны бюджетке ақысын төлеу арқылы сатып алуға болады. Сондай-ақ, әлі реттелмеген мемлекеттік нөмірлер бар, олардың тізімін заңмен бекіткіміз келеді, осылайша, оларды да сату мүмкін болады.
Танымал платформалар арқылы қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, көліктерді қосымшалар арқылы тіркеу процесті айтарлықтай оңтайландыруға және автоматтандыруға, сонымен қатар тұрғындардың уақыты мен шығындарын үнемдеуге септігін тигізді. Қызмет алу үшін нысанға барудың қажеті жоқ. Бұл тәсілдер карантин шараларды ескерсек, маңызды саналды.
Біз қызметтерді Kaspi.kz, Homebank.kz және т.б. сияқты танымал платформаларға көшіру өз әсерін тигізетінін көрсеттік. Ең танымал қызметтерге назар аудардық» дейді ол.