RSS лента

Бетперде таққаннан балалардың миына зақым келе ме?

  • 28.06.2021, 04:18,
  • 465
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Желіде медициналық маска тағудың қаупі тағы да талқылануда. Бұл жолы пайдаланушылар жеке қорғаныс құралдары балаларда мидың зақымдалуына әкелуі мүмкін дейді. Бұл жалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ресми дереккөз саналатын Stopfake.kz мәлімдегендей, Қастандық теориясын жақтаушылар дәлел ретінде доктор Маргарета Грисс-Бриссонның сөздерін келтіреді. Ол медициналық маска тағу оттегі жетіспеушілігіне әкеледі, бұл өз кезегінде мидың зақымдалуына соқтырады деп мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл процесс балаларда өте тез жүреді. Өткен жылдың қазан айында доктор Грисс-Бриссон мәлімдеме жасаған кезде шетелдік фактчекерлер оны жоққа шығарған болатын.


Қастандық теориясын жақтаушылардың айтуынша, іс жүзінде дәрігер толық зерттеу жүргізген, оған алты минут бойы маска таққан 30 адам қатысқан. Бұл зерттеу Желіден табылмады.


Дегенмен, балалар арасында COVID-19 күресуге арналған CO-KI.de неміс порталында дәл қазір осындай зерттеу жүргізілуде. Маска тағудың балаға жанама әсері туралы хабарламаны ата-аналар мен қамқоршылар қалдыра алады. Аралық нәтижелерге сәйкес, жүйеде 25 930 балада жағымсыз реакциялардың дамығаны туралы хабарламалар тіркелген. Маскамен жүрудің орташа уақыты 270 минутты құрады. Демек, бұл зерттеу Желі қолданушылары айтқаннан әлдеқайда ауқымды.


CO-KI.de. порталының аралық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, маска тағу нәтижесінде балаларда созылмалы аурудың ауыр жанама әсерлері мен дамуы тіркелмеген.
Сондай-ақ, сайтта алынған нәтижелер түпкілікті емес және оны сол күйі қабылдауға болмайды делінген.


– Бұл вакцинаның жанама әсерлерінің тізіліміне ұқсас жанама әсерлердің тізілімі (деректерді пайдаланушылардың өздері енгізетін Жүйе – авт). Сондықтан балаларында жанама әсерлер жоқ адамдар бұл сауалнамаға қатыса алмайды. Демек, шағымдар саны жүйелі түрде асыра айтылған. Тізілім сілтемесі де үкімет қабылдаған COVID-19-дан қорғау шараларын сынға алатын әлеуметтік медиа форумдарға жіберілген», – делінген зерттеуге берілген түсініктемеде.


Шын мәнінде, медициналық маска тағу оттегі жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін емес, өйткені маска ауа өткізеді және бетке герметикалық түрде жабысып тұрмайды. Желіде адамдар маска тағып, спортпен немесе күнделікті істермен айналысып жүрген адамдарға мысалдар көп келтірілген, сонымен қатар олардың қанындағы оттегінің деңгейі нормаға сай болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости