Медициналық масканың сұйықтықты өткізбеу қабілеті өте маңызды. Бұл, ең алдымен, хирург дәрігерлер үшін қажет. Операция кезінде масканың бұл қасиеті науқастың денесінен шыққан қанның немесе басқа да сұйықтықтардың ауыз бен мұрынның шырышты қабаттарына түсуден қорғайды.
Алайда, бұл медициналық маскалар оттегіні де өткізбейтініне дәлел емес. Оттегі – бұл газ, ал газ молекулалары су молекулаларынан он есе кішкентай екендігі белгілі. Сондай-ақ, оттегінің тығыздығы тек 1,42897 кг/м3 құрайды, ал судың тығыздығы бірнеше есеге жоғары – 1000 кг/м3. Демек, газ молекулалары су молекулаларына қарағанда бір-бірінен әлдеқайда алыс орналасады және бір-біріне тартылмайды.
Медициналық маскалар оттегі молекулаларынан үлкен вирустар мен бактерияларды ұстай алады. Соының арқасында маска тағу инфекцияның таралуын баяулатуы мүмкін.
Масканың қалай жұмыс істейтінін және оның көмірқышқыл газын өткізетініне білу үшін мына видеоны көріңіз.
Ал бұл видеода маска таққан және маска тақпаған кезде түшкіргендегі сілекейдегі бактериялардың саны айқын көрсетілген.
Осылайша, масканың ылғалды өткізбейтіні оның оттегі мен көмірқышқыл газын өткізу қабілетіне еш әсер етпейді.