RSS лента

Жаңа қаулы: 14 күнге оқшауланады

  • 16.05.2021, 00:39,
  • 432
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

 

1) Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі;

 

2) Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін» деп атап өтілген қаулыда.

 

Аталған қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости