– Аталған мутациялардың бар екенін растау үшін бұл үлгілер ҚазҰАЗУ халықаралық вакцинология орталығына берілді. Университет қызметкерлерінің, сондай-ақ TreeGene генетикалық зертханасының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде COVID-19-ға оң нәтиже көрсеткен екі үлгінің толық S гені жүйеленді.
Зерттеу нәтижелері бір S үлгісінде геннің құрамында B.1.1.7 «ұлыбританиялық штамына» тән амин қышқылдарының алмастырғыштары мен амин делекциясы бар екенін көрсетті. Екінші сынамада S генінде "оңтүстікафрикалық штамға" тән B. 1.351 аминқышқыл алмастырғыштары мен аминқышқыл делециялары бар, – деді Алматыдағы Халықаралық вакцинология орталығының басшысы Қайсар Табынов.