RSS лента

Полицейлер далада төлдеген сиырды иесіне жеткізіп берді

  • 26.11.2020, 19:09,
  • 1 063
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атырауда учаскелік полицейлер тұрғындармен WhatsApp желісі арқылы тығыз байланыста, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақтарындағы тұрғындармен ұялы телефондағы WhatsApp желісі арқылы ұдайы байланыста. Жақында, Еркінқала-2 ауылы тұрғынынан  байланыс желісіне  ірі қара сиыр малының көше бойында төлдеп қалғандығы туралы хабарлама түскен.

 

Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар төлдеп жатқан ірі қараның құлақ сырғасы арқылы шұғыл түрде ауылдық әкімшіліктен мал иесін анықтап,  қызметтік автокөлікпен мекен-жайына  жеткізіп берді.

 

Ауыл тұрғыны малын далада қалдырмай, үйіне  әкеліп табыстаған Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік  инспекторы полиция капитаны Мейрамбек Кангерейұлына  ризашылығын білдірді.

 

Өрістен келе жатқан жолда төлдеген сиырымды жолда қалдырмай, өзімді тауып, үйімізге дейін жеткізіп берді. Алғысым шексіз, – дейді Еркінқала ауылының тұрғыны Ұлболсын апа.

Оставить комментарий
Последние новости