RSS лента

Сапалы білім жолында: цифрлық криминалистика саласындағы тәжірибе алмасу

  • 25.12.2025, 16:24,
  • 77
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында сапалы білім беру, цифрландыру және білікті кадрлар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударады. 

Қазіргі таңда құқық қорғау саласында цифрлық технологияларды тиімді қолдана алатын мамандарды даярлау – елдің тұрақты дамуының маңызды бағыты. Осы мақсатта Тұрақты даму мақсаты 4 – «Сапалы білім» аясында 2025 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының базасында «Цифрлық криминалистика және цифрлық іздер» тақырыбында тәжірибе алмасу дәрісі өтті.

 

Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.к., С.Ш. Даубасов ұйымдастырды. Дәріске цифрлық дәлелдемелерді анықтау, бекіту және зерттеу саласында тәжірибесі мол практик-мамандар спикер ретінде қатысып, қылмыстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып тергеудің заманауи әдістерімен бөлісті.

 

Дәріс барысында цифрлық іздермен жұмыс істеудің ерекшеліктері, киберқылмыстарды ашу кезінде қолданылатын құралдар, сондай-ақ криминалист мамандарға қойылатын кәсіби құзыреттердің жаңа талаптары кеңінен талқыланды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, нақты практикалық кейстер көрсетіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

 

Аталған дәріске Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінен 15 қызметкер, сондай-ақ факультеттен 1 оқытушы қатысып, жалпы қатысушылар саны 16 адамды құрады.

 

Бұл іс-шара ҚР Президентінің Жолдауында айқындалған адам капиталын дамыту, цифрлық трансформация және өмір бойы білім алу мәдениетін қалыптастыру міндеттерімен толық үндеседі. Сонымен қатар университет пен құқық қорғау органдары арасындағы әріптестікті нығайтып, жастар арасында құқықтық мамандықтарға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

 

Тұрақты даму мақсаты 4 – «Сапалы білім» аясындағы ағартушылық және волонтерлік сипаттағы мұндай бастамалар университеттің әлеуметтік жауапты білім беру орталығы ретіндегі имиджін күшейтіп, ұлттық даму басымдықтарын іске асыруға қосқан нақты үлесін көрсетеді.

 

С.Ш.Даубасов,

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к.,  аға оқытушысы


 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости