RSS лента

Криминалистика мен сот сараптамасының үздіктері анықталды

  • 08.12.2025, 10:59,
  • 115
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері өзара сайысты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылдың 5 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу орталығымен бірігіп, жоғарғы оқу орындары арасында «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары және білім алушылар арасында жыл сайын өтетін «Криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері – Крим-Экс 2025»  12-ші халықаралық кәсіби шеберлік» байқауын ұйымдастырды.


Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды. Құттықтау сөзінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы сөз сөйлеп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.


Байқауға әр өңірдің жоғары оқу орнынан 13 команда, атап айтқанда,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы,  Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы, М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясы, Қонаев университеті, Туран Университеті, Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалы,  М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Зерттеу университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университет студентері мен магистранттарымен курсанттары және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет колледж екі топтан құралған білім алушылар қатысып, бақ сынасты.


Байқаудың мақсаты: білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу, талантты және дарынды студенттердің білімдерін көрсетуге мүмкіндік беру, оларға қолдау көрсету, студенттердің зияткерлік дағдыларының  қалыптасуына жәрдемдесу, студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру, шығармашылық қабілетті ашу, ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.


Байқау  қазақ және орыс тілінде жүргізілді. байқау бес кезеңнен тұрды.


I кезең – таныстыру, II кезең – тест тапсырмаларын орындау, III кезең – материалдық іздермен жұмыс жасау үшін тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсету, IV кезең – негізгі тергеу әрекеттерін жүргізудің процессуалдық талаптарын білу деңгейін, тергеу әрекеттерін ұйымдастырудың тактикалық әдістері туралы білімдерді, негізгі тергеу әрекеттерін жүргізудің жұмыс және қорытынды кезеңдеріндегі әдістерді көрсету, IV кезең – сот сараптамасының теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеру бойынша жарыс өтті.


Байқауда әділ бағалауды жүзеге асыру мақсатында арнайы қонақ ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әділғазы Төрағасы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті Қаржы министрлігінің Орталық кеден зертханасы бөлімінің басшысы – Жаилов М.Ж., әділғазы мүшелері ретінде Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Тасыров А.К., Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті, полиция майоры Дүненбаева А. Н., Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті, полиция майоры Шаримова К. Х., Алматы қаласы ZAN Protect компаниясының тең құрылтайшысы, қылмыстық істер және цифрлық криминалистика бойынша тәжірибелі заңгер, ұлттық қауіпсіздік саласындағы құқық магистрі, Ш.Ж. Құралбек шақыртылды.


Шара соңында «Крим-Экс 2025» атты криминалистика мен сот сараптамасының үздік білгірлері университетаралық байқаудың қорытыныдысы бойынша барлық командаларға арнайы дипломдар табысталды.


Жалпы ұпай санының қорытындысы бойынша келесідей марапатталды: Бас жүлдені және арнайы жасалған «Крим-Экс» Бас жүлде - атты кубокты Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының "Академики" командасы ие болды. 


І орынды дипломды және арнайы жасалған «Крим-Экс 2025»  І-ші орын  - атты  кубокты өзара Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының  "Момент истины" және Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Детективный код" командалары ие болды. 


ІІ дәрежелі дипломды және арнайы жасалған «Крим-Экс 2025»  ІІ-ші орын  - кубокты өзара Алматы қаласы, ІІД Академиясының "Томирис" Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Қорқыт із кесушілері"  және  Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Агата Кристи" атты командалары иеленді. 


ІІІ дәрежелі дипломды және арнайы жасалған «Крим-Экс 2025»  ІІІ-ші орын  -  кубокты өзара Алматы қаласы, Кунаев университетінің "Сокровища Агры". Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Зерттеу университетінің  "След правосудия" және  Алматы қаласы Туран университетінің "Seven squad articles".  Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалының "Милиция"  командалары иеленді. 


Алғашы рет ең жас қатысушылар ретінде қатысып Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет колледжінің "Следовой шторм"  - ең үздік топ; "Эвиденс" – ең креативті топ деген  дипломдарға ие болды. 


«Крим-Экс 2025» криминалистика мен сот сараптамасы саласындағы үздік білгірлердің халықаралық байқауында ең көп онлайн дауысын жинаған көрермендердің ықыласына бөленген Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Қорқыт із кесушілері" командасы жеңіске жетті.


Шараның соңында, әділқазылар алқасының Төрағасы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті Қаржы министрлігінің Орталық кеден зертханасы бөлімінің басшысы М. Жаилов білім беру саласындағы терең ойлары мен көрнекті көзқарастарын білдіріп, қатысушыларға өздерінің ғылыми ізденістерінде, кәсіби даму жолында зор жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді. Байқау барысында көрсетілген жоғары шеберлік пен үздік нәтижелерге тоқталып,  барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к.,  аға оқытушысылары  Н.С Темірболат, С.Ш. Даубасов.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц