RSS лента

25 Президенттік стипендия бөлінді

  • 14.08.2023, 14:36,
  • 316
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com/janeb13

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Биыл Министрлікке бағынысты оқу орындарына 25 Президенттік стипендия бөлінді. Оның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға.


Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4, Қазақ ұлттық  өнер университетіне – 12, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4, Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4 Президенттік стипендия бөлінді. Ал, магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық  өнер университетінің магистратурасына берілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости