RSS лента

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың екінші легі басталды

  • 03.04.2023, 16:55,
  • 392
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: Depositphotos

Бүгін Қазақстанда «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Үміткерлердің құжаттары 2023 жылғы 28 сәуірге дейін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады.


2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.


Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.


Ескеретін жайт, жыл соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтетін болады: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сондай-ақ 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости