"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылғы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, оқушыларға стипендия мөлшері де артып келеді. Мәселен, бакалавриат студенттеріне - 36 мың теңге, докторанттарға – 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", - деді министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға баса назар аударылған.
"Магистратура деңгейінде - 5,8 %, докторантура деңгейінде – 0,94% ғана оқиды. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура - 10%-дан астам, ал докторантура-2%-дан жоғары болуы тиіс", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.