Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат және инвестициялар;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- Құжаттарды қабылдау;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.