RSS лента

Елімізде жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

  • 13.01.2023, 04:26,
  • 572
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының» 17-бабына сәйкес жыл сайын қаңтардан наурызға дейін жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізеді.


Биыл он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады. Іс-шаралар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінде тұрақты немесе уақытша тұруы бойынша өткізіледі.


Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығын және дене шынықтыру даярлығы деңгейін белгілеу мақсатымен жүргізіледі. 


Осы мәліметтер негізінде жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақыру ресурстарын Қарулы күштер әскерлерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың түрлері мен тектері бойынша алдын ала бөлу мен Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарға іріктеу жүргізеді.


Тіркеу барысында жастармен әңгімелесу, қажетті құжаттарды тексеру және емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж жастарды анықтау мақсатымен медициналық тексеру жүргізіледі.


Іс-шаралар аяқталған соң жастарға шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік – Қазақстан азаматының алғашқы жеке есепке алу-әскери құжаты беріледі.


Биыл барлығы 110 000-нан астам жас әскери есепке қабылданады деп жоспарланып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости