RSS лента

Президент қандай қызмет иелерін өзі тағайындайды?

  • 18.08.2021, 19:16,
  • 458
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке іріктеу тәртібін және оны өткізу жоспарын бекітті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Резервке іріктеу 1 қыркүйектен басталады, онда мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктеледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

 

Іріктеуге 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Негізгі талаптары Жоғары білімнің және кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

 

«Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы, рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдылар мен қабілеттерді анықтауға ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы уәждері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Біз бірінші кезекте қоғамдық мүддені басшылыққа алатын жас таланттарды анықтауға баса назар аударамыз. Іріктеу кезеңінде ситуациялық есептерді шешу, құрылымдалған мінез-құлық сұхбаты сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізіледі» деді Жайылғанова.

 

Резервте болу мерзімі — үш жыл. Президент тағайындаған адамдар, саяси мемлекеттік қызметшілер, А корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері және президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

 

Президенттік резервтен тағайындау әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға, А корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына және Б корпусының басшы лауазымдарына көзделеді.

 

Спикер заңнамаға сәйкес мемлекеттік лауазымдарға резервке алынған тұлғалар қатарынан, сондай-ақ өзге де тұлғалар қатарынан тағайындала алатынын қосты.

Оставить комментарий
Последние новости