RSS лента

Мемлекеттік қызметші болу қиын ба?

  • 22.06.2021, 03:28,
  • 351
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Былтырдан бастап облыста мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2,5 есеге өсірілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға «факторлы-балдық шкала» пилоттық жобасын енгізуге байланысты жүзеге асқан. Мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландыру бағытындағы өзгерістер негізінен мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі, саяси қызметшілерді ротациялау, еңбекке ақы төлеу, тәлімгерлер кеңесін құру мәселелеріне қатысты болып отыр.

 

Мансаптық карта – лауазымдық өсу мүмкіндігі

 

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Айнагүл Қақиеваның айтуынша, департамент тарапынан жергілікті атқарушы органдардағы бос орындардың санына, өткізіліп жатқан конкурстарға жүйелі түрде талдау жүргізіледі. Тәжірибе көрсеткеніндей, жарияланған конкурстардың кейбірі қатысушылардың болмауына байланысты «өтпеді» деп танылса, енді бірінде конкурстық іріктеуге тек бір үміткер ғана қатысады екен. Ал, жоғары лауазымдарға лайықты қызметкерлер көбінесе жұмыстың қызу ортасында жүріп, оның өзі қалаған қызметті іздестіруіне мезгілі де, мүмкіндігі де болмай қалатын жағдайлар кездеседі. Осыны ескере отырып, тәжірибелі, кәсіби деңгейі мен біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілердің мансаптық тұрғыдан өсуін, бос орынға лайықты кадрлардың таңдалуын қамтамасыз ету мақсатында департаментте жасақталған «Мансаптық карта» жобасы былтырдан бері жүзеге аса бастапты. Осылайша, 2020 жылы облыстағы тексеру комиссиясы, мәслихаттарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін 1524 мемлекеттік қызметшінің 890-ы немесе 58,4%-ы осы картаны толтырған. Соның арқасында, мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі 4 лауазымнан таңдау жасады. Соның ішінен 587-сі (66%) облыстық және қалалық деңгейдегі атқарушы органдарда мансаптық өсу мүмкіндігін қарастырыпты. Бұлардың арасынан 200-ге жуығы (оның ішінде, 42 қызметші – аудандық деңгейде жұмыс істейді) облыстық басқармалардағы басшылық қызмет лауазымдарына орналасқысы келеді екен.

 

– Толтырылған мансаптық карталарды сараптап қарағанда, 300-ден астам мемлекеттік қызметшінің қалалық және аудандық деңгейдегі лауазымдарды қалайтыны анықталды. Атап айтқанда, 77 адам – қала мен аудан әкімінің орынбасары, 28-і – апппарат басшысы, 20-сы – мәслихат аппаратының басшысы, 157-сі – дербес бөлім басшысы лауазымдарын таңдаған. Талдау қорытындысында, мансаптық картаны толтырған 219 (24,6%) мемлекеттік қызметші ауданнан – облысқа, 18-і (2%) ауданнан – ауылдық деңгейге ауысуға дайын екенін көрсетті. Ал, 14 қызметші орталық мемлекеттік органның аумақтық департаменттеріндегі лауазымды қызметтерге орналасуға ниетті, – деп түсіндірді департамент өкілі.

 

Мансаптық карта қолданысқа енгізілгелі бері облыс бойынша 23 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға орналасты. Биылғы жыл басынан бері мансаптық карта ротациялау және мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізілместен, ауысу тәртібі карталарымен толықтырылды. Нәтижесінде, 1 мемлекеттік қызметші – «ерікті ротациялау», 44-і – «ауысу тәртібі» және 121-і – «мансаптық» картаны толтырды. Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарында жұмыс жасайтын 50 мемлекеттік қызметшінің еңбек өтілі «ерікті ротациялау» талабына сай келеді екен. Олардың төртеуі – зейнет жасына дейінгілер.

 

Саяси қызметшілерді ротациялау – уақыт талабы

 

Республика Президентінің былтырғы қараша айындағы «Мемлекеттік қызмет саласындағы кейбір актілерге өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, биыл қаңтардан бастап, елімізде саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізіліп отыр. Айта кету керек, бұдан былай саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын ротацияланады. Сөйтіп, ендігі жерде саяси қызметшілердің бір лауазымда 8 жылдан артық жұмыс жасауына рұқсат етілмейді.

 

Президент Жарлығында атап көрсетілгеніндей, ротациялау «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілерге де қарастырылған. Бұл өзгеріс (өңіраралық ротациялау) негізінен облыстық дәрежедегі басқарма басшыларына қатысты. Сондай-ақ, түрлі мемлекеттік органдарда соңғы үш жыл бойы белгілі бір лауазымдық қызметті атқарып келе жатқан «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерге «ерікті ротациялау» тәртібі қолданылады. Бұл талап бойынша үш жылдан артық бір лауазымда жұмыс жасаған қызметші басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызметке ауыстырылады. Оған қоса, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың ішінде ауысу арқылы басқа қызметке тағайындалуға құқылы. Яғни аталған санаттағы қызметшілер ротациялау арқылы тең дәрежелі немесе жоғары тұрған лауазымға қызметке ауысуға құқылы. Ол үшін мемлекеттік қызметшінің төменгі лауазымда екі жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі

 

Д е п а р т а м е н т ө к і л і А . Қ а қ и е в а н ы ң т ү с і н д і ру і н ш е , ө з ге р і с т е р м е м л е ке т т і к қызметшілерге еңбек ақы төлеу бағытын да қамтыған. Былтыр енгізілген «факторлыбаллдық шкала» пилоттық жобасына орай Атырау облысындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2,5 есеге көбейді. Бұл мемлекеттік қ ы з м е т т і ң т а р т ы м д ы л ы ғ ы н а р т т ы р д ы .

 

Карантиндік шектеу шараларының енгізілуі себепті, тестілеу залының бір ай мерзімге жабылғанына қарамастан, былтырдың өзінде сынақтан өтуге тілек білдіргендердің саны 1,2%-ға көбейген. 2020 жылдың басынан бері мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерді іріктеу ма қ с ат ы н д а ж а р и я л а н ғ а н ко н ку р с т а р ғ а қ ат ы с у ш ы л а р д ы ң с а н ы 2 0 0 – д е н а с т ы . Олардың 97,2%-ы – жоғары білімді азаматтар. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіштің деңгейі де 2%-ға жуық көтеріліпті. Керісінше, өз еркімен мемлекеттік қызметтен кеткендердің үлесі 1,2% болған. Жаңа жүйе бойынша жыл ішінде облыста 1354 мемлекеттік қызметшінің жұмысы оң бағаланған. Солардың арасынан «өте жақсы» деген баға алған 851 қызметшінің (62,8%) өсу деңгейі 2,5%-ға жетті. Жаңа жалақы жүйесі мемлекеттік қызметшілерді материалдық тұрғыдан ынталандырып қана қоймай, облыстың әлеуметтікэкономикалық дамуындағы нысаналы мақсатты индикаторлардың толық орындалуына оң әсерін тигізетініне сенім кәміл.

 

Тәлімгерлер кеңесі – тәрбие мектебі

 

Айнагүл Қақиеваның айтуынша, жағымды жаңалықтың бірі – департамент жанынан «Тәлімгерлер кеңесінің» құрылуы.

 

Д е п а р т а м е н т б а с ш ы л ы ғ ы н ы ң б ұ л бастамасының басты мақсаты – басшылық лауазымға жаңадан тағайындалған мемлекеттік қ ы з м е т ш і л е р д і ң к ә с і б и д а ғ д ы л а р ы н қалыптастыруға және жұмысына бейімделуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беру. Осылайша, құрылғалы бері кеңес 25 мемлекеттік органның өкілдерімен кездесу өткізген. Тек былтырдың өзінде тәлімгерлер кеңесінің мәжілісі үш рет ұйымдастырылды. Осындай кеңес қала мен аудан әкімдіктері жанынан да құрылған. Бүгінгі таңда облыс бойынша олардың құрамына кіретін 92 тәлімгер болса, оның үштен екісі аудандық деңгейде. Биыл да облыстық департамент жанындағы тәлімгерлер кеңесінің отырысы бір рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланған.

Оставить комментарий
Последние новости