RSS лента

Докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды

  • 12.07.2023, 17:45,
  • 341
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгіннен бастап докторантураға түсу үшін емтиханға құжаттарды қабылдау басталды. Ол 2023 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатындығын ескертеміз.


Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости