RSS лента

Үміткерлердің 22 %-ы ҰБТ-да шекті балл жинай алмады

  • 04.04.2023, 10:38,
  • 356
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook парақшасы

Шекті балды 78%-ға жуық немесе 86 мың талапкер жинап, 22%-ы шекті балл жинай алмады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Наурыз ҰБТ-сын 111 мыңға жуық адам тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75% – ы қазақ тілінде, 25% - ы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.


ҰБТ орташа балы 70 балды құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 балға жоғары. Ең жоғары балл – 136.


«Наурыз ҰБТ-сы 10-31 наурыз аралығында өтті. Жалпы, наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 111 мыңға жуық адам қатысты, өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артық. Әдеттегідей, тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациялары - «Математика-Физика» (19%) және «Биология-Химия» (19%). IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған. Тестілеу штатты режимде өтті», – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


​Айта кету керек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тестілеуге қосымша 40 минут бөлінген. Сонымен қатар олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалған. Қабылданған шаралар арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 бала ҰБТ тапсырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости