«Тестілеудің алтыншы аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Қазіргі таңда 220 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін тапсырып жатыр. ҰБТ 5 шілдеде аяқталады», – деп мәлімдеді ҰТО басшысы Руслан Емелбаев.
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 267 талапкер тестілеуге смартфон, шпарлгалка және басқа да рұқсат етілмеген заттарды алып кірмек болған. Нәтижесінде ереже бұзған 262 оқушының нәтижесі жойылды.