RSS лента

Қазақстан бойынша грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

  • 13.07.2023, 12:11,
  • 293
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Талапкерлер өтініштерін онлайн да, офлайн да тапсыра алады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

Оставить комментарий
Последние новости