RSS лента

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

  • 23.06.2023, 09:07,
  • 282
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттар иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.
Министрліктің хабарлауынша, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау 4 лекте өтеді. Үшінші легі биылғы жылғы 7 шілдеге дейін жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бір легі өтетін болады: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында. Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында жалғасатын болады.
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттар иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.
Оставить комментарий
Последние новости