Гүлшат Жанұзақова 2023 жылдың қараша айында жұмыссыз қалды. Бірақ, дәл осы уақыт Гүлшат үшін үлкен өзгерістер алып келді. Ол қышқыл-сүт ашытқысы негізінде эконан және басқа да нан-тоқаш өнімдерін пісіремін деп шешті.
Бастапқыда нанды кәдімгі газ плитасында пісіре бастадым. Уақыт өте келе тапсырыстар өте көп болып, уақытым жетпей бастады. Сөйтіп, әлеуметтік желілерден "Таңдау" жобасының басталғаны туралы хабарландыруды көріп, іріктеуден өттім. Жабдық сатып алуға грант ұтып алып, қажетті құралдарымды сатып алдым, - дейді Гүлшат Жанұзақова.
Болашақта кәсіпкер тағы бес көмекшіні жұмысқа алып, ерекше нан өнімдері өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Әйгерім Бөлтекова - бухгалтер, ол декреттік демалыста тігін ісімен айналысқан. Уақыт өте келе хоббиі үлкен және пайдалы бизнеске айналды. Қазір іскер әйел жаңа туған нәрестелерге арналған киім-кешек пен төсек-орын, сондай-ақ балаларға арналған ұлттық киімдер тігеді.
Әйгерім Бөлтекованың ісін, жолдасы қолдап, екі қабатты ғимарат салған. Бірінші қабатта киім саудасы, екінші қабатта тігін шеберханасы орналасқан.
Қалжан Жұмабаева - эксклюзивті сыйлықтар дүкенін ашты. Әйел авторлық көзілдіріктерге, футболкаларға, шоперлерге, дәптерлерге, бонбоньерлерге тапсырыс қабылдайды. Дүкенде мерекелік безендіруге арналған дүниелер мен шарлар да сатылады.
Қалжан Жұмабаева
"Таңдау" жобасын Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында "Теңізшевройл" ЖШС қолдауымен" Орталық Азияның Еуразия " Қоры жүзеге асыруда. 2023-2024 жылдардың қорытындысы бойынша 44 қатысушы жалпы сомасы 155 миллион теңгеге пайызсыз кредиттер алды. "Таңдау" жобасына қатысушылардың басым бөлігі әйелдер.