Өңір бойынша Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының жастары белсенді түрде өтінім берді. Гендерлік көрсеткіш бойынша өтінімдердің 41,4%-ы ер адамдардан, ал 58,6%-ы әйелдерден түскен. Олардың дені – 26 жастан асқандар.
Шымкент қаласының жас тұрғыны Насиба Ағзамова аутизммен ауыратын балаларға арналған глютенсіз печенье өндіруге 1 миллион теңге грант ұтты. Бұл өнім әртүрлі ертегі кейіпкерлер түрінде жасалады. Аутизммен ауыратын балалардың құрамында глютені бар тағамдарға аллергиясы немесе жоғары сезімталдығы болуы мүмкін, сондықтан оларға глютенсіз диета пайдалы болады деген теория бар. Сонымен қатар, Насиба глютенсіз тамақ өнімдерін өндіру технологияларын үйретуді қолға алуды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік грант Қарағанды облысының тұрғыны Айтолқын Наушарбанға «Qazaq Stil» брендімен қазақи нақыштағы заманауи қолөнерді ұлттық нақышта әрлеу тігін цехын ашуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік бермек.
Барлық өтінімдер Zhas Project жобасын жүзеге асыратын 10 өңірлік үкіметтік емес ұйымдар арқылы қабылданды.
Zhas Project жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылады.