Ол 180 мың долларды ұтып алып, (84 миллион теңгедей) байыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Латоя Берк билеттердің бірі болсын сәтті шығуы үшін бірнешеуін алайын деп шешім қабылдаған. Сондықтан ол алты бірдей лотерея билетін арнайы сатып алған.
Алайда күтпеген жерден билеттердің барлығынан ұтыс шықты. Олардың нөмірлері ұтыс комбинациясымен сәйкес келді.
"Мен сандарды тексеріп, қатты қуандым", — деді әйел.
Әйел ұтысын қайда жұмсайтынын әзірге айтпады.