Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сирек кездесетін мутацияға ұшыраған нәрестелерден ер мен әйел жынысын ажырата алмағандарын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 72.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. Түмен денсаулық сақтау басқармасы адамның сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің әйел немесе еркек жынысына сәйкес келмейтін мутациясы пайда болғаны туралы айтты. Мамандар мұндай балалардың жынысын хирургиялық жолмен түзетуге болатынын жеткізді. Алайда алдымен жынысты нақтылау үшін генетикалық зерттеу жүргізу қажет екен.
Облыста бұрын да жыныстық дамуында ауытқуы бар балалар дүниеге келген. Мәселен, басылымның мәліметінше, 2022 жылы осындай диагноз үш сәбиге, ал 2021 жылы екі нәрестеге қойылған.