RSS лента

Лотореядан 500 миллиард теңгеге жуық ұтып алды!

Автор фото: әлеуметтік желі

1,33 миллиард доллар ұтып алған азамат ақшасын алуға келмеген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

АҚШ-та Mega Million лотереясынан 1,33 миллиард доллар ұтып алған азамат нәтиже жарияланған соң бір ай өтсе де, қаржыны алып кетуге келмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

 

Басылымның мәліметіне сәйкес, сәтті билет Чикаго сыртындағы жанармай құю бекетінен сатып алынған. Ұйымдастырушылар жеңімпаздың атын білмейді, сондықтан тұрғындардан өз билеттерін қайта тексеруді сұрады. 

 

"Біз бұл адамның джекпот жеңіп алғанынан хабардар екенін де білмейміз", – деді Иллинойс штаты лотерея департаментінің директоры Гарольд Мейс. 

 

Жеңімпаз өз ұтысын 12 ай ішінде алып кете алады. Ал барлық салықтар алынған соң бұл қаржыдан тек 708,5 миллион доллар беріледі. 

 

Mega Million лотереясында ең үлкен джекпот 2018 жылы ойнатылған. Бұл кезде Оңтүстік Каролина тұрғыны 1,537 миллиард доллар ұтып алған. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости