RSS лента

Қайыр сұрайтын әйел 1 миллион еуро ұтып алды!

  • 12.08.2022, 20:48,
  • 1 146
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Италияда бірнеше жыл бойы көшеде қайыр сұраған әйел лотореядан 1,2 млн еуро көлемінде ақша ұтып алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

 


Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.


Мерседес есімді әйел 4 жыл бойы Аликанте қаласындағы Ла-Флорида ауданында өткен-кеткеннен ақша сұраумен болған. Күнде таңертең Estanco-54 лоторея дүкеніне қарама-қарсы тұрған супермаркетке келіп түскі 2-ге дейін отыратын. Кейін тұрғын лоторея дүкеніне жаңадан келіп жатқан билетті 1 еуроға сатып алды.



Ал, 2 тамыз күні Мерседес 1,2 млн еуро ұтып алғанын білді. Қуанған әйел лоторея дүкенінің иесі Мари—Анхелес Торрегросқа «өмірін жеңілдеткенін» айтып, алғысын жаудырған.

«Қуаныштан төбеміз көкке екі елі жетпеді! Ақшаны дәл Мерседес ұтып алады деп ойламаппын!», — дейді дүкен иесі.

Оставить комментарий
Последние новости