RSS лента

Шұлық тоқып байыған!

  • 29.04.2024, 09:03,
  • 218
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Махамбет ауданының Алға ауылында ерекше шебер тұрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жанаргүл Аманғалиева қолөнер бұйымдарын тоқуды бұрыннан кәсіпке айналдырған екен. Бұл туралы atr.kz мәлім етті. Тігін ісін анасынан үйренген ол енді қолдан тоқылған аяқ киімдерді шығара бастады. Жанаргүл бұл кәсіпті меңгеру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысыпты. Осылайша, 1,38 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алған.

 

– Бала кезімнен қолымнан ине-жіп түскен емес. Бастапқыда аяқ киім тігуді бос уақытымдағы ермегім санайтынмын. Уақыт өте келе оған деген құмарымнан гөрі қызығушылығым арта түсті. Жаңа кәсіпке әбден машықтанып, үйреніп те алдым. Алғашында ағайын-туманың тапсырысын ғана орындап жүрдім. Кейін мемлекеттен қайтарымсыз грант берілетінін естідім де, мұнымен түпкілікті шұғылданып, кәсіпке айналдырсам деген ойға келдім. Содан аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандарына, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалына барып кеңестім. Бизнес-жоспарымды жасап, қайтарымсыз қаржыға қол жеткіздім. Оған жұмысыма тігін мәшинесін, басқа да керек-жарақтарымды сатып алдым. Осылайша, үйімнің бір бөлмесін шағын шеберханаға айналдырдым. Аяқ киімнің өзіне арналған жібі, сыртқа, ішке киюге ыңғайлы табаны болады екен, оны сырттан тапсырыспен алдырдым. Жасыратыны жоқ, сапалы жіптер біздің базардан табылмағасын оны Ираннан, Түркиядан сатып алуыма тура келді, – деді ол.

 

 «Шебердің қолы ортақ» демей ме дана халқымыз?! Жанаргүлдің келіні де өзі секілді қолөнерге жақын жан екен. Екінші анасындай көретін енесіне көмектесіп, үйден көрпе тігіп, ою ойып, тапсырыс қабылдайды. Осыған дейін бір күнде 2-3 жұп аяқ киім дайындап, 5 мың теңгеден сатып келген ісмер енді балаларға арналған және жабық үлгідегі аяқ киімдерді тоқуға тәуекел етіп, бел буыпты. Мұндай аяқ киімнің дүкендерде сатылатын, ертесіне үзіліп түсіп жататын сүйретпелерден артықшылығы, ол аяқты терлетпейді, жағымсыз иіс шығармайды, жуып қайта кисе де өңі бұзылмайды. Оған қоса жеңіл, ыңғайлы, бағасы да қолжетімді әрі әлдеқайда арзан көрінеді. Бір сөзбен түйіндегенде, мұны жергілікті жердегі кәсіпкерлікті қолдап, кәсіп иесіне қолайлы жағдай туғызудың жарқын көрінісі ретінде бағаладық.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости