RSS лента

Жапон асханасын Қазақстанға әкелді!

  • 14.11.2023, 18:12,
  • 225
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Мемлекеттен 1 млн 200 мың теңге грант ұтып алған ауыл тұрғыны Сағадат Бозекенов өз ауылынан жапон асханасын ашты. Қазір жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған жайы бар, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы Индер ауданынан шыққан жас жігіт кезінде Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетінде тамақ өнеркәсібі мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын бас қаладағы жапон асханасында аспаз болып бастапты. Тағам дайындау талантына тәнті болған басшылық аз уақытта оны бас аспаз лауазымына дейін көтеріпті.

 

Кейін Сағадат атақты бес жұлдызды «Rixos Prezident Astana» қонақүйінде тәжірибе жинағанын айтады.

 

    – «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, мен өзімнің туған Индеріме оралдым. Сөйтіп, осында «Сәке Суши» деген шағын дәмхана аштым. Бұл кәсіпті карантин уақытында небәрі 100 мың теңгемен ашқан едім. Үйде отырып суши дайындап, тұрғындарға өзім жеткізіп отырдым. Осылай жүргенде мемлекеттік грант байқауына қатысып, 1 млн 200 мың теңге ұтып алдым! Бұл қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды алдым. Ақыры, бизнес алға басып, тағамды жеткізуден бөлек, жалға ғимарат та алдым. Бастапқыда тек жапон асханасы ғана болсақ, енді Еуропа мен Түркия тағамдарын да дайындауға көштік, - дейді С.Жұмабергенұлы.

 

Кейіпкерімізге әлі күнге дейін Астанадан шақыртулар көп түседі екен. Бірақ, оның мақсаты – туған ауылды түлету, жергілікті жерде кәсіпкерлікті дамытып, азаматтарды жұмыспен қамту.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости