RSS лента

Дәрі бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылады

  • 10.02.2023, 23:54,
  • 604
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда үшін жылына екі рет дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру үшін референттік баға, келісімшарттарды және импорттық бағаларды-инвойстарды өндірушілермен талдау, сапаны бағалауға арналған шығыстарды, кедендік шығыстарды, көлік шығыстарын есепке алу, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда үшін қарастырылған маркетинг шығындары секілді тетіктер көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.


«Көтерме және бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектің шекті бағасына келетін болсақ,  Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 6 715 дәріге шекті баға бекітілді. Бұл бұйрықта 4 296 позиция бойынша өткен жылдан бері шекті баға өзгерген жоқ, 1 918 позиция бойынша өндіруші зауыт бағасы орта есеппен 30%-ға өсті; 501 позиция бойынша бағалар орта есеппен 7% төмендеді. ТМККК шеңберіндегі және МӘМС жүйесіндегі дәрі-дәрмектің нақты бағасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2672 дәрі-дәрмекке бекітілген. Бұл бұйрықта 1384 позиция бойынша бағалар өзгерген жоқ; 531 позиция бойынша өндіруші зауыт бағасының өсуіне байланысты бағалар орта есеппен 24%-ға көтерілді; 295 позиция бойынша бағалар орта есеппен 12%-ға төмендеді; 462 – жаңа позициялар», - деді спикер. 


Сонымен қатар ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмек бағасынан маркетинг шығыстары алынып тасталды және көлік шығыстарына шектеулер белгіленді.


Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша электрондық форматта өтінім беру іске қосылды. Дәрі-дәрмектің белгіленген нақты бағасын көтергендер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. 2020-2022 жылдары дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бағасын бақылау шеңберінде 911 факті анықталып, 240 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости