АИ-80 бұрынғыша 89 тг болып қалады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензині литріне 187 тг, ал басқа облыстарда 182 тг. Дизель отынының бағасы литріне 450 тг болып бекітілді.
«Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады», — делінген бұйрықта.
Ал, қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ, көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылатын болады.
Argus Каспий нарығы сервисінің деректері бойынша ЕЭО-ға мүше елдерде дизель отынының құны Арменияда 758 тг./литр, Ресейде 446 тг./литр; Қырғызстанда 412 тг./литр, ал Беларусьте 446 тг./литр.