RSS лента

Сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілмек

  • 04.03.2022, 00:58,
  • 631
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту жоспарлануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Энергетика министрі бұйрығының жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында ТМД-ға жеткізуге арналған баға шегі қосылған құн салығынсыз тоннасына 28 мың теңге мөлшерінде белгілеу жоспарлануда.


Егер жоба қабылданса, онда бұйрық сәуірден бастап күшіне енеді.


Бұған дейін Қазақстанда өңірге байланысты газ литріне 55-70 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген болатын.


Оның ішінде Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында бір литр сұйытылған мұнай газын 50 теңгеден сатады. Өңірлердің шалғай аудандарында — 55 теңгеден.


Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында литрінің құны 60 теңге. Шалғай аудандарда — 65 теңге.


Алматыда – 65 теңге. Нұр–Сұлтанда, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында және елдің солтүстігінде — литріне 70 теңге.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости