RSS лента

Жанармайдың неге қымбаттап жатқаны енді белгілі болды

  • 03.10.2021, 16:00,
  • 1 398
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарының көптеген жанармай бекетінде дизель отыны талонмен беріледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сонымен қатар, жанармай құны литріне 194 теңгеден 245 теңгеге дейін күрт өскен.

 

– Жанармай тапшылығы бүгін басталған жоқ, - деді Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев кеезкті брифинг барысында. – Тамыздан бастап қор азая бастады. Оған қоса, егін жинау жұмыстары жүргізілді, сәйкесінше, өкінішке қарай, елдің мұнай базаларында өте аз қор қалды. Бірінші себеп, қаншалықты қарапайым болса да, шекаралас елдер арасындағы баға айырмашылығы туралы мәселе. Солярка бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы айырмашылық 90 теңгеге дейін жетеді. Оңтүстік көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанмен салыстырғанда айырмашылық 70-80 теңгеге жетеді.

 

Менің алғашқы шешімдерімнің бірі Мәскеуге дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесіне жауап беретін орынбасарды жіберу болды. Ол біздің негізгі сатып алушыларымызбен бірге барды. Біз зауыттармен келіссөздер жүргіздік және қазір Ресейден дизель отынын әкеле бастадық. 1-20 қыркүйек аралығында Қазақстанға барлығы бес мың тонна дизель отыны, ал кейінгі аптада 15 мың тонна дизель отыны жеткізілген.

 

Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап Павлодар МӨЗ жөндеуге жабылады. Біздің талабымыз бойынша «Қазмұнайгазбен» солярка өндірісіне жауап беретін қондырғыларды кейінірек жөндеуге іске қосу туралы келістік. Бұл нарықты дизель отынымен қамтамасыз етуге шамамен 10 күн уақыт береді. Әрине, зауытты жөндеуді келесі жылға ауыстырғым келеді, бірақ Павлодардағы зауытқа арнайы комиссия жібердік, оны ТЖМ мамандары қарады. Өкінішке қарай, күрделі жөндеуді кейінге қалдыру мүмкін болмады.

 

Бүгінде зауыттардан дизель отынын жөнелту жоспарлы режимде жүзеге асырылып жатыр. Энергетика министрлігі ел жанармайсыз қалмауы үшін бізге байланысты барлық нәрсені істеп жатыр. Бағаға келетін болсақ, бұл — нарық. Баға мәселесі дизель отыны болсын, ауыл шаруашылығы өнімі немесе кез келген басқа өнімде де болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости