«Аталған салада мынадай проблемалар бар: отандық тауар өндірушілердің генерикалық препараттары төмен рентабелді, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде дәрілік заттар айналымының рәсімдері шектелген, елде фармацевтикалық субстанциялар өндірісі жоқ және дайын өнім экспортының деңгейі төмен, фармацевтикалық өндірістің арнайы бейінді мамандары өте аз, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жаңа әзірлемелерін қаржыландыру механизмі жоқ, дәрілік заттар мен медицианлық бұйым өндірісін іске қосу үшін бастапқы шығын жоғары» дейді Денсаулық сақтау министрі.
Айта кетерлігі, Президент тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін отандық өндірістің үлесін фармацевтикалық нарықта 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылған.