2022 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық дипломаттар осы брендтердің басшылығымен келіссөздер жүргізді. 62 компания елімізге келу туралы ұсынысқа келісті. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ алаңында өткен брифингте толығырақ айтып берді.
Релокация – көшу немесе жаңа зауыттар салу емес. Бұл компанияның өндірісіне ғана қатысты.
«62 компания Қазақстанды балама алаң ретінде қарастыруға дайын екендігін айтты. Еуразиялық нарыққа кірмек болған шетелдік компаниялар Ресей экономикасы біздікінен 10 есе үлкен болғандықтан, бас кеңселерін Мәскеуде немесе Санкт-Петербургте ашты. Қазір санкцияларға байланысты олар басқа қалаларды таңдауда, ал біз балама нұсқаларды – Астана немесе Алматыны ұсынып отырмыз. 62 компанияның ішінен 21 жоба релокацияланды. Мысалы, америкалық «Honeywell» компаниясы Қазақстанға кеңсе мен басқару шкафтары мен газ талдағыштарын өндіруді әкелді; «TikTok» (ҚХР) Қазақстанда жеке өңірлік кеңсесін ашты; «InDrive» өңірлік кеңсе мен мамандар тобын көшірді; «Fortescue» (Австралия) - Қазақстандағы жасыл сутек бойынша Еуразиялық жобаларға баса назар аударуда; «Alstom» - ҚР өңірлерінде сервистік орталықтар құрады. Бұл жұмыс жалғасады. Мақсат – 362 компания. Бұл жақсы экономикалық нәтиже береді деп ойлаймыз. Біз келетін компанияларға арнайы шарттар қоймаймыз. Олар жалпы құқықтық салада жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті спикер.
Олардың келуімен шетелдік инвесторлар үшін жұмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін заңнаманды өзгерту бойынша жаңа идеялар ұсынылуы мүмкін.