Нақты жұмыс жүргізілуде. Біз үшін ең бастысы инвестиция көлемінің өсуі ғана емес, сондай-ақ сапалы өзгеріс. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.
Мысалы, егер 2005-2010 жылдары тікелей шетелдік инвестициялардың құрылымында ақшаның 70%-ы мұнай-газ саласына бағытталса, себебі ол капиталды көп қажет етеді, соңғы 3 жылда трендтер өзгерді.
«Мұнай-газ саласындағы инвестициялар деңгейі небәрі 45%-ды құрайды. Басқа салалар өсіп келеді: сауда, ақпарат, байланысқа басымдық берілуде. Егер елдер бойынша алсақ, онда ондыққа әдетте Нидерланд, АҚШ (3,2 млрд $ инвестиция салған), Швейцария, Бельгия, Ресей, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Ұлыбритания кіреді. Негізгі инвестициялардың 90%-ға жуығы Батыс Еуропаның 20 еліне, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Ресейге тиесілі», - деді спикер.