RSS лента

ТШО-ның ізімен «НКОК» мекемесінен де коронавирус табылды

  • 17.06.2020, 15:07,
  • 1 068
  • 0
  • Автор:
Автор фото: atameken.kz

Аталған компанияның «Вест Ойл» базасындағы қызметкерлерінің бірі қауіпті індетті жұқтырған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«NCOC аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаймыз. Бұл нысан өндірістік алаңдар мен компания кеңселерінен қашықта орналасқан. Қызметкер хаттамаға сәйкес оқшауланды. Жақын байланыста болған адамдардың барлығы дереу анықталды. Олардың барлығы ПТР сынамасынан өтеді. Бұл қызметкер өндірістік немесе кеңсе қызметкерлерімен байланыста болмаған. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости