RSS лента

Қазақстанда электроника мен тұрмыстық техника қымбаттауда

  • 03.03.2022, 00:57,
  • 527
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда теңге құлдырауына байланысты электроника, тұрмыстық техника және үйге арналған өзге де тауарлар қымбаттады.

  • Sulpak

Sulpak дүкендерінде барлық тауардың емес, тек кейбіреулерінің бағасы өзгерген.


«Жеткізушілер доллар бағамындағы айырмашылыққа сүйеніп, бағаны қайта қарастыратыны анық. Бірақ бізде қазір тауарлардың көп бөлігін бұрынғы бағамен сатып алуға болады. Мысалы, Samsung өз өнімдерінің бағасын әлі өзгерткен жоқ. Ал Apple өнімдерін жеткізушілер бағаны 5-10 пайызға көтерді», — деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.


  • «Белый ветер»

«Белый ветер» дүкендерінде баға өскен. Бірақ мұнда да кейбір тауар түрі қымбаттаған. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, болашақта баға өзгеруіне теңгенің әлсіреуі ғана әсер етпейді.


«Тұрмыстық және компьютерлік техника бағаларының өзгеруінің негізгі себебі — доллар бағамының өсуі. Себебі бұл тауарлар Қазақстанға басқа елдерден импортталады. Доллар бағамның өзгеруінен бөлек, тауар құнына баға мен логистика мерзімінің артуы да әсер етеді.


«Баға өсуінің тағы бір себебі — жеткізудегі мәселеге байланысты тауар жетіспеушілігі. Біздің ассортименттегі кейбір бренд түрлері Ресей Федерациясынан келеді, қазақстандық филиалдарды Мәскеудегі кеңсе бақылайды. Қазір одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөнінде нақты ақпарат жоқ», — деп атап өтті «Белый ветер» маркетингі бөлімінің басшысы Яна Новохацкая.


Алайда компания баға қанша пайызға өскенін айта алмады. Новохацкаяның пікірінше, брендтердің шарттары әртүрлі: алдын-ала төлеу, кейінге қалдыру, консигнация.


«Сондай-ақ, нарық талабы мен халықтың төлей алу қабілеті арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды екенін түсінеміз. Бағаны күрт көтерсек, сатылым тоқтап, өнім өтпей қалады. Біздің міндетіміз — тұтынушыларға қажет техниканы ескі баға бойынша сатып алуға мүмкіндік жасау. Сондықтан барлық ассортименттің бағасы әлі өзгерген жоқ. Алайда қазір ғана тауар жаңа бағамен келді», — деп атап өтті ол.


Новохацкаяның айтуынша, кейінгі күндері «Белый ветер» дүкендерінде және олардың веб-сайттарындағы онлайн-сатып алу бойынша қарбалас болмаған.


«Қазіргі жағдайда қандай да бір болжам жасау қиын, өйткені барлығы сыртқы факторға байланысты. Бірақ тәжірибеге сүйенсек, валюта бағамы енді айтарлықтай өзгермейді және баға бұрынғы деңгейіне қайта келмейді», — деп қорытындылады ол.


  • «Технодом»

Технодом дүкендерінде тауар бағасы әлі көтерілген жоқ. Алайда компания жаңа келетін тауар қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді.


«Баға әлі өскен жоқ. Бірақ модельдерге сәйкес өндірушілер жаңа бағаларды жібереді. Алайда әлі ешкім бағаны ақырғы рет көтерген жоқ. Жағдай күн сайын өзгеріп отырады.


Өндіруішілер бағаны белгілейді, ал біз оларды тек шетел валютасына қатысты теңге бағамына сай реттейміз. Біз сататын барлық ассортимент — Қазақстаннан тыс жерде өндірілген импорттық тауар», — деді компания.


Еуропадан тауар әкелу логистикасы да өзгеретіні атап өтілді.


«Бірінші кезекте тауар жеткізу мерзімі ұзаруы мүмкін. Бірақ тауар тапшылығы болмайды», — деп толықтырды «Технодом» өкілі.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости