RSS лента

Қазақстанда ет бағасы қаншаға қымбаттамақ?

  • 18.08.2021, 19:12,
  • 1 312
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ет пен ет өнімдерінің 2,1%-ға қымбаттауы өткен айдағы инфляцияның өсуіне қатты әсер еткен. Бағаның ең жоғары өсімі Шымкентте – 6,3%, оның ішінде сиыр еті – 12,6%, жылқы еті — 8,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қой етінің бағасы батыс өңірлерде қымбаттаған болса, құс еті мен жұмыртқаның бағасы Қарағанды облысында өскен. Маусым айындағы инфляцияға ең көп үлес қосқан – көкөністер мен жемістердің шілде айында 3,2%-ға арзандауы. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

 

Көкөністер мен жемістер құнының жалпы төмендеуі сәбіз мен картоптың есебінен болды, бірақ кейбір аудандарда ақ қырыққабат, пияз және қызылша бағасының өсуі тіркелген. Бұдан басқа, Шымкент пен Ақмола облысында көкөністер мен жемістердің бағасы 1,2% – ға, Алматы мен Қарағанды облыстарында — 1,1% — ға өсіп, маусым айында ең жоғары өсім байқалған Шығыс Қазақстан облысында (2,3%) бағалар өзгеріссіз қалған.

 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардан дизель отыны айтарлықтай қымбаттады. Десе де, ақылы қызметтер айлық инфляцияға үлкен үлес қосты, оның ішінде коммуналдық қызметтер бағасының өсуі (5%) және тұрғын үйді жалға алу (0,7%) қызметі бойынша.

 

«Қызметтердің ең көп қымбаттауы Қарағанды облысында болды (1,5% — ға). Шілде айында Маңғыстау, Түркістан облыстарынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан басқа барлық өңірде электр энергиясының тарифтері көтерілді. Тарифтердің ең төменгі өсімі Қызылорда облысында (4,2%) байқалды. Қалған сегіз өңірде электр энергиясы 9,2% — 11,7% аралығында қымбаттады», – деп атап өтті Ұлттық Банкте.

 

Ел бойынша бағаның жылдық өсуіне көп жағдайда Алматы мен Алматы облысы әсер етеді. Шілде айында айлық инфляцияның өсуі тек Қарағанды облысында байқалды. 14 өңірде ол баяулады, тағы екі облыста бұрынғы деңгейде қалып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости