RSS лента

Көлік аударылып, жүргізуші қайтыс болды...

  • 29.01.2024, 13:03,
  • 925
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Жол апатынан қаза тапқан көлік жүргізушісінің жылдамдық асырып «Кибер-шериф» құрылғысына түскені анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

26 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 154 шақырым тұсында маркасы Lada Granta автокөлігінің 1992 жылы туған жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай жолдың оң жақ жиегіне аударылып, оқиға орнында қаза тапты.

 

Аталған автокөлік жүргізушісінің 24 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс асырған дерегі «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы анықталған. Жүргізуші жылдамдықты 133 км/сағ дейін арттырып, ҚР ӘҚБтК 592-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған.

Айта кетейік, «Кибер-Шериф» аппараттық жиынтық құрылғысы қаңтар айының 22-нен бастап 1 ақпанға дейін сынақтық режимде қызмет атқаруда.

 

Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, көлік жүргізушілерінен өзінің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамауды сұрайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости