Тәжірибе барысында латук салаты мен қызанақ қолданылады. Гендік-модификацияланған көкөніс дүкен сөрелерінде сатылып жатыр екен. Бұл рас па, оны stopfake.kz анықтап көрді.
Теннеси өкілдер палатасы 2024 жылдың 21 ақпанында азық-түлікті таңбалау туралы заң жобасын қабылдады. Құжатта «құрамында вакцина немесе вакцина материалы бар кез келген тағам өнімдерін өндіруге, сатуға немесе жеткізуге, сақтауға немесе сатуға ұсынуға тыйым салынған. Азық-түлік таңбалауында тамақ өнімдерінде вакцинаның немесе вакцина материалының болуы туралы маңызды хабарлама болған жағдайлар есепке алынбайды». Заң жобасына Скотт Чепики демеушілік жасаған. Желіде таратылған видеода америкалық саясаткер өз шешімінің тиімді екеніне дәлел келтіреді. Оның пікірінше, бірнеше компания мен ғылыми-зерттеу институттары азық-түлікке адамдарға арналған вакциналарды қосу технологиясын жетілдірген. Атап айтқанда, Калифорния университеті латук салатымен тәжірибе жасаған. Чепики вакцина қосылған өнімдер дүкендерге шығарылуы ықтимал дейді.
2021 жылы Калифорния университеті ғалымдар латук салаты мен шпинатты мРНҚ вакциналарын шығаратын биофабрикаларға айналдыру мақсатында жұмыстар жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Зерттеушілер өсімдікті вакцинаның негізі ретінде алмақ. Ол дәстүрлі инъекциялармен бәсекелес бола алады. Өсімдік препараттарын бөлме температурасында сақтауға болады, яғни тоңазытқышқа қосымша қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Бұл эксперименттегі басты нәрсе – хлоропластар. Бұл өсімдік жасушаларындағы ең кішкентай органдар. Олар күн сәулесін өсімдік пайдалана алатын энергияға айналдырады. Сондай-ақ өсімдіктің бөлігі болып табылмайтын гендерді түрлендіреді. Әзірге зерттеулер аяқталған жоқ.
Ғалымдар өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап жеуге болатын вакциналар жасауды қолға алған. Бұл гендік-модификацияланған көкөніс пен жемістің бір түрі, олар ағзаға енген кезде иммундық реакция тудырады. Бүгінде қызылша, дифтерия, күйдіргі, тырысқақ және басқа ауруларға қарсы жеуге болатын вакциналар бар. Бірақ олардың барлығы әзірлеу немесе зерттеу сатысында. Зертханалардан шығарылған бірде-бір жеуге болатын вакцина жоқ.
2024 жылдың қаңтарында Өзбекстан ғалымдарының зерттеуі жарияланды. Топ қызанақты қолдана отырып, COVID-19 қарсы вакцинамен жұмыс істеген. TOMAVAC вакцинасы тышқандар мен ерікті адамдарда сыналды. Қазіргі уақытта клиникалық зерттеулер жалғасуда.
Чепики вакциналар егілген көкөніс пен жемістер қазірдің өзінде қолданылып жатқандай айтады. Бұл жалған. Азық-түліктегі адамдарға арналған вакциналардың ешқайсысы АҚШ-та да, әлемнің басқа елдерінде де мақұлданбаған.
Сонымен қатар, кез келген иммундау ақпараттандырылған келісімді қажет етеді. Сондықтан, жеуге жарамды вакцина жақын арада мақұлданса да, ол ешқашан дүкендерде сатылмайды. Вакцинация медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіледі.
Чепиктдің заң жобасы – бұл превентивті шара. Жеуге болатын вакциналар әлі де әзірленіп жатыр. Егер оларға рұқсат берілсе, онда тек медициналық мекемелерде ғана қолданылады.