RSS лента

Адамзат обадан өлетіні рас па?

  • 30.06.2023, 14:26,
  • 581
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Қазнет пайдаланушылары австралиялық Science Illustrated ғылыми-көпшілік журналының бір санын талқылауда. Онда адамзат антибиотиктермен емделмейтін бубон обасы пандемиясынан өледі деп жазылған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Stopfake.kz мәліметіне сүйенсек, Австралиялық Science Illustrated журналының нөмірлерін Желіде PDF форматында оқуға болады. 98 санында бубон обасы туралы мақала шыққаны рас, бірақ ол адамзаттың жойылу ықтималдығына емес, зерттеу жұмыстарына арналған.

 

Материалда бубон обасының қоздырғышы болып табылатын Yersinia pestis бактериясы әлі тірі және кейде Мадагаскарда, Конго Республикасында және Перуде ауру ошақтары тіркеледі делінген. Қазіргі заманда бактериялардың көбі антибиотиктерге төзімді болғандықтан, Yersinia pestis те дәрі-дәрмектің бұл түріне тұрақты болуы мүмкін. Сондықтан ғалымдар бубон обасына қарсы вакцина жасауда. Мақалада қазір ғалымдар әзірлеп жатқан препараттардың үш түрі көрсетілген. Біріншісі – Yersinia pestis бактериясына ұқсайтын, бірақ мүлдем зиянсыз бос қабық «елес бактерия» негізінде жасалған ресейлік вакцина. Препарат тышқандарда сыналған. Нәтижелер вакцинаны одан әрі жұмыс істеу үшін әлі де пысықтау қажет екенін көрсетті.

 

Екінші препарат Техас университетінде жасалған. Онда вакцина Yersinia pestis бактериясының генетикалық материалы негізінде жасалды. Ол тышқандар мен приматтарда сыналды. Нәтижесінде вакцина жануарларға инфекциядан толық қорғауды қамтамасыз етті, ал вакцинацияланбаған жануарлардың барлығы бактериядан ауырып, өлді.

 

Үшінші вакцина – бұл гендік-модификацияланған қызанақ, оны жегеннен кейін ағзада обаға қарсы иммунитет қалыптасады. Мұндай қызанақ тышқандар мен дала иттерінде сыналды. Нәтижелер жеуге жарамды вакцина кеміргіштер популяциясының басым бөлігін ауру жұқтырудан және өлімнен қорғай алатынын дәлелдеді. Ғалымдардың пайымдауынша, егер осындай гендік-модификацияланған қызанақпен эндемикалық аудандарда ауруды тарататын жануарлардың көп бөлігі қоректенсе, онда алдағы уақытта оба ауруы ошақтарының болу ықтималдығын төмендетуге болады.

 

Демек, Қазнетте тараған хабарлама шындыққа жанаспайды. Австралиялық журнал адамзаттың жаппай қырылуын болжамаған, онда бубон обасына қарсы вакциналар туралы жазылды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости