Афина ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 ақпан күні 40, 49 және 56 жастағы үш ер адам із-түзсіз жоғалған. Олар биіктігі 2355 метр Гельмос тауына шығу үшін Калавритадан таңертең шыққан.
Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтардың қолдауымен 22 өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамдардың мәйіттері кейбір заттары тікұшақтан көрінгеннен кейін табылған, оларды анықтау үшін ауруханаға жеткізілді.
Туристердің өліміне қар көшкіні себеп болғаны анықталды.
Бұған дейін әлемге әйгілі оңтүстіккореялық альпинист Пәкістан тауларында өрмелеу кезінде жоғалып кеткен болатын.