Қазіргі уақытта БАӘ әуежайларында 38 иісшіл ит жұмыс істейді. Олар инфекция жұқтырғандарды 98 пайыз анықтай алады. Бұл туралы «Reuters» агенттігі жариялады.
Дубай полициясы COVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардан алынған тер тамшыларын қолдана отырып, науқастарды иісі арқылы тануды неміс овчаркасы, лабрадор, кокер-спаниель және бордер-колли сияқты тұқымды иттерге үйреткен.
Ғалымдардың айтуынша, бұл әдістің дәлдігі 98 пайыздан асады. Дубайда жүргізілген зерттеуде иттердің анықтау қабілетін салыстыру үшін 3 290 адамның тер үлгілері мен ПТР-сынамасы қолданылған. Жаттығу бөлмесінде он ПТР-сынама нәтижесі қойылған. Иттер оларды иіскеп, тапқанын білдіру үшін жанына отырады.
Дубай полициясының лейтенанты Насер әл-Фаласи иттер қазір күн сайын шамамен 30-40 тексеру жүргізетінін мәлімдеді. Ол иттерді тек әуежайларда ғана емес, қажет жерде қолдануға болатынын айтты.